
Кентау қаласы, С.Ерубаев көшесінде орналасқан диаметрі 160 мм болатын ескі ауыз су құбырынан ақау анықталды.
Қазіргі таңда аталған мәселені жедел түрде жою мақсатында «Ащысай Су» МКК-ның 2 жұмыс бригадасы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Ақау толықтай жойылғаннан кейін тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету қайта қалпына келтіріледі.
Жұмыс барысы қала басшылығының тұрақты бақылауында.