КЕНТАУДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КЕНТАУДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Кентау қаласында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.

Кездесуді Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы жүргізіп, жастар арасында заң мен тәртіп қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде әрбір жас өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, дұрыс өмірлік бағыт таңдауы қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ жастарды білімге ұмтылып, қоғамда тәртіп пен мәдениетті сақтауға шақырды.

Жиынға қалалық прокуратура өкілі, Кентау қалалық полиция бөлімінің өкілдері және қалалық білім бөлімінің жауапты мамандары қатысты. Кездесу барысында полиция қызметкерлері мен білім саласының мамандары жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша баяндама жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Көтерілген мәселелер тиісті бақылауға алынатыны айтылды.