КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиналысқа қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ ауыл әкімдері қатысты.

Апталық аппараттық жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалымжан Андосов баяндама жасап, мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасының 2025 жылға орындалуы және 2026 жылдың наурыз айына дейін атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді. Баяндамашы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау, оларды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Кентау қаласы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын ұйымдастыру барысында атқарылған жұмыстар жөнінде қалалық инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Маден баяндады. Ол қала аумағында жүргізіліп жатқан санитарлық тазалық жұмыстары, сенбіліктер, абаттандыру шаралары және тұрғындарды экологиялық мәдениетке шақыру бағытында қолға алынған шаралар туралы ақпарат берді.

Үшінші мәселеде қосымша сұрақтар бойынша жауапты салалардан мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылатын жұмыстар барысына жауап алып, тиісті тапсырмалар берді.

Жиын барысында қала әкімі көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын арттыру, әлеуметтік мәселелерді дер кезінде шешу және қала аумағында тазалық пен тәртіпті тұрақты қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Аппараттық жиын қорытындысы бойынша тиісті бөлімдер мен мекемелерге белгіленген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындау міндеттелді.