КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

15 наурыз күні өтетін республикалық референдум аясында Кентау қаласының тұрғындары үшін қоғамдық көлікте тегін жол жүру ұйымдастырылады.

Бұл шара қала тұрғындарының маңызды саяси науқанға белсенді қатысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Референдум күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көліктің барлық автобус бағыттарын ешқандай ақысыз пайдалана алады.

Осылайша азаматтар өздерінің тіркелген сайлау учаскелеріне еш кедергісіз жетіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

#Kentau

#референдум