КЕНТАУДА ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

КЕНТАУДА ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Көктем мезгілінің келуіне орай “Таза Қазақстан” жобасы аясында Кентау қаласы аумағында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Қаланы көркейту мен тазалық жұмыстарына қала әкімі Жандос Тасов, қалалық маслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, қаланың зиялы қауым өкілдері, жалпы 300-ге жуық қызметкер мен қала белсенділері қатысып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында 8 арнайы техника жұмылдырылып, қала аумағынан 15 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылды. Сонымен қатар қала аумағын көгалдандыру мақсатында 1000 дана көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Мұндай игі шаралар тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қала тазалығы – баршамызға ортақ іс. Осы орайда барлық қала тұрғындарын туған жеріміздің көркеюіне үлес қосып, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз.