КЕНТАУДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

КЕНТАУДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемді тербеткен нәзік жандар» атты мерекелік салтанатты кеш өтті.

Көктемнің шуақты мерекесі – әйелдер күні аналарға, аруларға және әр салада еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға көрсетілетін ерекше құрметтің белгісі. Салтанатты шара барысында Кентау қаласының дамуына үлес қосқан аналардың өмір жолы мен өнегелі істері туралы бейнероликтер көрсетілді.

Мерекелік кешке қаладағы ақ жаулықты ардагер аналар, қаланың Құрметті азаматтары және түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген әйел азаматшалар қатысты.

Шара барысында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов және қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов сөз сөйлеп, барша әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, бірқатар азаматшалар қала әкімінің және қалалық мәслихат төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік кеште мәдениет үйінің өнерпаздары ән шырқап, бишілер мың бұрала би билеп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Шара соңында қонақтарға гүл шоқтары табысталды.