ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АПТАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АПТАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов төрағалығымен кезекті апталық аппараттық жиын өтті. Жиналысқа қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Алғашқы болып қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Ақнұр Байболова алдағы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекелеріне дайындық барысы туралы баяндады.

Биыл Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Наурызнама онкүндігі аясында атап өтіледі. Он күнге созылатын мерекелік бағдарламаға сәйкес әр күнге арнайы атау беріліп, соның аясында қала және ауылдарда мәдени, спорттық және тағылымдық шаралар ұйымдастырылмақ.

Атап айтқанда, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, қайырымдылық шаралары, жастар мен ардагерлердің қатысуымен кездесулер, ұлттық ойындар және концерттік бағдарламалар өткізу жоспарланған.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жалғас Жақаев қаладағы қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндама жасады. Баяндама барысында ақпараттық кеңістіктегі ахуал, тұрғындармен кері байланыс жұмыстары және тұрақтылықты сақтау бағытындағы шаралар атап өтілді.

Баяндамашыларды тыңдаған қала әкімі жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мерекелік іс-шараларды сапалы әрі мазмұнды өткізуді, сондай-ақ қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.