
Кентау қаласындағы мектеп, колледждерде бітіруші түлектерімен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастарға кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықты дұрыс таңдау және мемлекеттік қызметтің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді.
Кентау қаласы әкімінің кеңесшісі Төрехан Сүлейменов өз тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен мүмкіндіктері жайында баяндама жасады. Кездесу барысында түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Кентау қалалық білім бөлімінің бейіндік, кәсіби бағдар және инновация бірлестігінің әдіскері Азамат Шиналиев ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында” мектептер мен жоғары оқу орындарын қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институтын қалыптастыру көзделгендігі туралы түсіндіріп өтті.
Осындай маңызды кездесулер жастардың болашағына сеніммен қадам басуына үлкен серпін береді.