КЕНТАУҒА ТЕАТР КЕЛІП, САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР КӨРСЕТТІ

КЕНТАУҒА ТЕАТР КЕЛІП, САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР КӨРСЕТТІ

Кентау қаласына Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры гастрольдік сапармен келіп, жергілікті тұрғындарға екі күн бойы сахналық қойылымдарын ұсынды.

Шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы елорда өнерпаздарына алғыс білдіріп, театр ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Гастрольдік бағдарлама аясында театр ұжымы жас көрермендер мен қала тұрғындарына мазмұнды әрі әсерлі қойылымдар ұсынып, өнерсүйер қауымға ерекше көңіл күй сыйлады.

Мұндай мәдени шаралар өңірлер арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, өскелең ұрпақтың театр өнеріне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар рухани-мәдени құндылықтарды насихаттап, қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.