КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Жуырда Щучинск қаласындағы Балдәурен республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында 2–7 сынып оқушыларына арналған XXI Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытынды кезеңі өтті.

Байқаудың шешуші кезеңінде Кентау қаласы білім бөліміне қарасты мектептердің екі оқушысы жүлделі орындарға ие болып, қала мерейін үстем етті.

Қалалағы М.Әуезов атындағы №22 мектеп-гимназиясы 7-сынып оқушысы Ратнер Алина ағылшын тілі пәні бойынша «A role of comics in learning a foreign language» тақырыбындағы ғылыми жобасын жоғары деңгейде қорғап, республика бойынша I орынды иеленді.

Жетекшісі: ағылшын тілі пәні мұғалімі Нысанбаева Гүлімжан Бахытжановна.

Адал Роумакс жалпы білім беретін мектебі 4-сынып оқушысы Махсутова Айнара «Хал иісті балауыз шамдар» тақырыбындағы ғылыми жобасын сәтті қорғап, II орынға ие болды.Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Нұсқабаева Дюсенгүл Үмірбаевна.