Кәсіпкерлерге ескерту!

Кәсіпкерлерге ескерту!

«Даму» Қорының атын жамылған алаяқтарға алданып қалмаңыздар.

Бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шараларына қатысуға «көмек» ұсынып, «жеңіл несие, субсидия немесе кепілдік алуда оң шешім шығаруға» уәде беретін жандардың әрекеті – алаяқтық.

📍 Тегін кеңес алу үшін Түркістан облысы бойынша «Даму» Қорының филиалына келіңіздер. Мекенжайы: Түркістан қ., Жаңа Қала ықшам ауданы, 28/5
Сондай-ақ Қормен меморандум жасасқан, ресми консалтинг компаниялар да бар. Олардың тізіміне сілтеме: https://damu.kz/consulting_companies/

📞 Кол-орталық: 1408 (тегін)
📩 Алаяқтық жайлы фактіні хабарлау үшін: senim@fund.kz

Заңсыздықпен бірге күресейік!