
ЖАНДОС ТАСОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Қала әкімі Жандос Тасов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға қалалық маслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, «Amanat» партиясы Кентау қалалық филиалының хатшысы Арман Басаров, қала әкімінің жауапты орынбасарлары, аппарат басшысы және бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік маңызы бар бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
Атап айтқанда, жұмысқа орналасу, жол, ойын алаңшалар орнату, сондай-ақ тұрғын үй мәселесі, көгілдір отынға қосылу, әлеуметтік мәселер бойынша сұрақтар қойылды.
Қала әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерге қатысты тиісті түсіндірмелер берді.
Қабылдау кезінде бірқатар мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, кейбір сұрақтар қосымша зерделеуді талап ететіні айтылды. Қала әкімі азаматтардың өтініштері кезең-кезеңімен шешімін табатынын атап өтті.