
Қала аумағында сыртқы жарнама объектілерін заң талаптарына сәйкестендіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Кентау қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан жүргізілген мониторинг нәтижесінде заңсыз орнатылған 28 жарнамалық құрылымдар анықталып, оларды заңдастыру немесе алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде талапқа сәйкес келмейтін жарнамалар алынып, бірқатар нысандардағы жарнамалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес рәсімделді.
Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.