
Қала әкімі Жандос Тасовтың қатысуымен, қалалық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Шерәлі Әділханұлының есептік кездесуі өтті.
Кездесу барысында қалалық полиция бөлімі басшысы полиция қызметінің 2025 жылғы жұмыс қорытындысы және көрсеткіштеріне тоқталып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылған шаралар бойынша есебін берді.
Сонымен қатар, полиция қызметінің ашықтығын арттыру, тұрғындармен өзара байланысты нығайту және профилактикалық шараларды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Есептік кездесуде тұрғындар тарапынан тәртіп сақшыларына қатысты бірқатар сауалдар жолданып, заң аясында жауаптары берілді.
Жиын соңында қала әкімі Жандос Тасов тәртіп сақшыларына қала тұрғындары үшін қолайлы орта мен қауіпсіз қоғам қалыптастыруда маңызды міндет жүктелгенін атап өтіп, ел сенімін ақтау үшін қызметтің тиімділігін арттыруға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейтуге шақырды.