
Тараз қаласында 2026 жылғы 5–7 ақпан күндері ерлер мен әйелдер арасында кураш күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Кентау қаласының спортшысы Ақбота Қыдырәлі 78 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Осы айтулы жеңістің нәтижесінде Ақбота Қыдырәлі кураш күресінен Азия және әлем чемпионаттарына қатысуға жолдама алды.
Спортшыны жоғары жетістікке жеткізген жаттықтырушысы — Самат Арғимбаев.