КЕНТАУ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ АККРЕДИТТЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

КЕНТАУ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ АККРЕДИТТЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

КЕНТАУ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ АККРЕДИТТЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

Кентау көпсалалы колледжі халықаралық аккредитациядан толық өтті. Бұл бойынша ресми шарада жарияланып, құжаты табысталды. Жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы мен «Amanat» партиясы Кентау қалалық филиалының хатшысы Арман Басаров қатысып, колледж ұжымы мен студенттерін құттықтады. 2025–2026 жылдары колледж NCCER ұйымымен бірлесіп І–IV кезеңдерді сәтті аяқтады. Нәтижесінде колледж аккредиттелген білім беру ұйымы мәртебесін алды. Арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері мен білім алушылар халықаралық сертификаттарға ие болды. Енді колледж студенттері Халықаралық елдерде өз салалары бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер беріледі. Кентау көпсалалы колледжі қазіргі таңда 11 мамандық 13 біліктілік бойынша мамандар дайындайды. Колледжде жалпы 1183 студент білім алуда. Оның ішінде «Дуальды оқыту бойынша» 518 студент теория мен тәжірибиені ұштастырып болашақ білікті мамандар дайындауда.