КЕНТАУЛЫҚ СУРЕТШІ БОЛАТ ИСАБЕКОВТЫҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ МӘСКЕУ ҚАЛАСЫНДА КӨРСЕТІЛДІ

КЕНТАУЛЫҚ СУРЕТШІ БОЛАТ ИСАБЕКОВТЫҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ МӘСКЕУ ҚАЛАСЫНДА КӨРСЕТІЛДІ
 
Исабеков Болат Керімшеұлы –суретші, ұстаз, шығармашылық тұлға. 1962жылы 03 қазанда Түркістан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда «Бабалар аманаты» этнографиялық дизайнерлер одағының, Еуразиялық дизайнерлер одағының сондай-ақ Ресей Федерациясының шығармашыл суретшілер одағының мүшесі.
Сонымен қатар ол Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің көркем еңбек пән мұғалімі және Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайына қарасты Хантағы шығармашылық үйінің сурет үйірмесінің жетекшісі қызметін атқарады.
2025 жылдың желтоқсан айында Қазақстан суретшілер одағына мүше атанды. 2026 жылдың 24 қаңтарында Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында Лялько атындағы Троицкий музейінде «Көңіл толқыны» тақырыбымен жеке көрмесінің ашылуы өтті. Аталған көрме ақпан айына дейін ресейлік өнерсұйер қауымға көрсетіледі.
Өнер-халықтың жаны, рухтың көрінісі. Болат Керімшеұлының туындылары-қазақы болмыс пен адамдық сезімнің тоғысын бейнелейтін ерекше әлем. Кентаулық суретшінің жетістіктері біз үшін мақтаныш.
✔️Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі