ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТ ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ АКТИВІМЕН СЕМИНАР-КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТ ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ АКТИВІМЕН СЕМИНАР-КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Кентау қаласында Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрлан Биболовтың қатысуымен семинар-кездесу өтті. Жиынға қала активі қатысты.
Семинар жергілікті атқарушы орган тарап болып табылатын еңбек, жер және өзге де дауларды қарау барысында туындайтын проблемалық мәселелер, сондай-ақ қылмыстық істер шеңберінде сот шығындарын бөлу және оларды азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарау мәселелерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған мәселелердің өзектілігін ескере отырып, жиынға Түркістан облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрлан Биболов, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, Кентау қалалық сотының төрайымы Айнұр Сағындықова, Кентау қаласы прокурорының орынбасары Бекжан Балкибеков, Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы Шералы Әділханұлы қатысты.
Сондай-ақ семинарға қала әкімінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, қала депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ақсақалдар мен ардагерлер, мекеме басшылары және жауапты қызметкерлер қатысты.
Жиын барысында қала прокуратурасының аға прокуроры Дина Орынбасарова сот сараптамасына байланысты процестік шығындарды өндіру және оларды азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарау мәселелері бойынша баяндама жасады.Ал Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Марат Қадырқұлов қоғамдық тәртіп бұзудан келген шығындарды өндіру тәртібі жөнінде түсіндірді.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Жиынды қорытындылаған Нұрлан Зұлпыхарұлы барлық мекеме басшыларын заңдылықты қатаң басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізуге шақырды.
✔️Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі