ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
 
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға онға жуық қала тұрғыны келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, тұрғын үй алу, балалар ойын алаңшасын салу, көше жарығы, сондай-ақ құрылысқа қатысты мәселелер бойынша өтініштер айтылды. Сонымен қатар, жұмыспен қамту және бейнебақылау камераларын орнату жөнінде ұсыныстар білдірілді.
Қала басшысы тұрғындардың әрбір өтініш-талабын мұқият тыңдап, бірқатарына қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме берді. Ал жедел шешуді қажет ететін мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.