
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске қала әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша 2025 жылдың қорытындысы мен белгіленген индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы туралы қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильхам Азизбаев баяндама жасады. Баяндама барысында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, жоспарланған жұмыстардың орындалу деңгейі жан-жақты талқыланды.
Екінші мәселе, бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы қалалық мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары Нариман Әріп баяндап өтті. Бұл бағыттағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары назарға алынды.
Үшінші мәселе облыс және қала әкімі тарапынан берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде ақпарат берді.
Баяндамашыларды тыңдаған қала әкімі бірқатар нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.