Қала әкімі Жандос Тасов сала мамандарымен бірге қаладағы базарларды аралап, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аралау барысында сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, электр желілерін, газ балондарын дұрыс пайдалану және санитарлық талаптардың орындалуы жан-жақты қаралды.
Аралау барысында кәсіпкерлерге төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша заң талаптары түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Қала әкімдігі тарапынан тұрғындар мен кәсіпкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
