В КЕНТАУ ПРОШЁЛ ВЫЕЗДНОЙ ОБЩЕСТВЕННЫЙ ПРИЁМ ПАРТИИ «AMANAT»

В КЕНТАУ ПРОШЁЛ ВЫЕЗДНОЙ ОБЩЕСТВЕННЫЙ ПРИЁМ ПАРТИИ «AMANAT»

Кентау қаласында «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы ұйымдастырған көшпелі мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, партия филиалдарының басшылары қатысты.

Іс-шара қалалық Жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылып, қала тұрғындарының қатысуымен өтті. Тұрғындар тұрғын үй қатынастары, коммуналдық қызмет сапасы, әлеуметтік төлемдер, жер мәселелері, еңбек даулары, денсаулық сақтау, мүгедектік тағайындау, газ және жылу тарифтері, жол қауіпсіздігі, аула абаттандыру мәселелерін көтерді.

Кездесу барысында облыстық және қалалық деңгейдегі мемлекеттік органдардың өкілдері, құқық қорғау органдары, нотариустар, адвокаттар, медиаторлар, банк және әлеуметтік сала мамандары тұрғындарға кеңес беріп, көтерілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, өтініштердің орындалуы бақылауға алынды.