АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Кентау қалалық ардагерлер кеңесінің конференция отырысы өтті. Келелі жиынға қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бахытжан Раманқұлов, Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердалы Баймұратов қонақ ретінде қатысты.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолшыбек Аққұлов жиынды жүргізіп отырды. Күн тәртібіне сай, қалалық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Мамыржан Юлдашев өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жылы атқарылатын жұмыстар жайында баяндады.

«Біздің бастауыш ардагерлер ұйымының есебінде 5449 зейнеткерлер тұрады. Қалалық ардагерлердің 30 бастауыш ұйымы бар. Бүгінгі Конференцияға 2025 жылы желтоқсан айында ардагерлердің 30 бастауыш ұйымдарында есеп беру сайлау жиналыстары өтіп, олардан 71 делегат осы конференцияға сайланды» деді.

Жиында қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы және кеңес мүшелері сөз сөйлеп, ардагерлердің қоғамда алар орны мол екенін атап өтті.

Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бахытжан Раманқұлов еліміздің жалғаушы күші өскелең ұрпақ екенін айта келіп, оларға аталық бағыт-бағдар беру аясында жұмыстар басты назарда болу керектігіне тоқталды және ардагерлерді осы істерді жандандыра түсуге белсенді атсалысуға шақырды.

Бауыржан Әбенұлы ардагерлердің қоғам өміріне жанашырлықпен атсалысатынын атап көрсетіп, оларға алғысын жеткізді. Соңынан жиынның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.