КІТАПҚА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ЕҢБЕК АДАМЫ

КІТАПҚА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ЕҢБЕК АДАМЫ

Дилбар Абдулхамидова — Кентау қаласының тұрғыны, кітапхана саласында 38 жылдан астам еңбек өтілі бар білікті маман.

1984–1988 жылдары Шымкент педагогикалық мәдениет институтында кітапханашы мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1988 жылы жолдамамен Көкшетау қалалық орталық кітапханасында бастап, 1989 жылдан бері Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде қалалық және ауылдық кітапханаларда кітапханашы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Өз ісіне адал, ізденімпаз маман ретінде жас кадрларды тәрбиелеуге үлес қосып келеді. Қазіргі таңда кітапханашыларға арналған «Жас кітапханашы» мектебінде тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға бағыт-бағдар беруде.

Еңбегі еленіп бірнеше алғыс хаттармен, “Үздік кітапханашы», «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерімен марапатталған.

Дилбар Шамшиддинқызы үшін кітапхана жай ғана жұмыс орны емес, өмірлік таңдауы.
«Кітапханашы болу сырт көзге оңай көрінгенімен, инемен құдық қазғандай еңбек», — дейді ол. Оқырман сұраған кітапты дәл тауып беру жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен жауапкершілікті талап етеді.