
Бүгін Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Жеке қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары және жауапты мекеме басшылары қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар қала басшысына жер мәселесі, тұрғын үй кезегі, балалар ойын алаңшаларын орнату, орнатылған ойын алаңшаларына бейнебақылау камераларын қою, сондай-ақ коммуналдық және әлеуметтік мәселелер бойынша өтініш-тілектерін жеткізді.
Қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, көтерілген мәселелердің тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.
Сондай-ақ тиісті бөлім басшыларына тұрғындардың шағымдары мен ұсыныстарын заң аясында шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.