ҚАЛАДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІ

ҚАЛАДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІ

Қазіргі таңда Кентау қаласы тұрғындарының 78,1 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған. Ал қалаға қарасты ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ.

Қаланың кәріз жүйесі 1955–1960 жылдары салынған және бүгінгі күні пайдаланылып келеді. Қала аумағында қолданыстағы кәріз желісінің жалпы ұзындығы 124,215 шақырымды құрайды. Оның ішінде: ескі кәріз желілерінің ұзындығы – 97,7 шақырым, жаңа мөлтек аудандардағы кәріз желілері – 26,515 шақырым.Ал кәріз су сорғы станциясының өнімділігі тәулігіне 14,5 мың м³.

Бүгінгі таңда қала халқының өсуіне және кәріз жүйесіне қосылуға сұраныстың артуына байланысты «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобасы әзірленуде. Жоба аясында салынатын кәрізді тазарту құрылыстары қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасатын болады.

Осы мәселеге байланысты қала әкімінің орынбасары Нұрдаулет Медеуов сала мамандарымене бірге талқылау өткізді. Талқылау барысында жұмысты жеделдетуді және нақты ұсынып-талаптар енгізуді тапсырды.
Айта кетейік, жоспарланып отырған кәріздік тазарту құрылыстарының өнімділігі тәулігіне 20 000 м³, ал нысан орналасатын алаңның жалпы аумағы 40 гектарды құрайды.