ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ЕРЛАН ӘБДИЕВ ҚАЛАҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ЕРЛАН ӘБДИЕВ ҚАЛАҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Кентау қаласына жасаған сапары барысында Мәжіліс депутаты Қарнақ ауылында салынып жатқан 300 орындық мәдениет үйінің құрылыс барысымен танысты. Ауыл тұрғындарының мәдени-рухани сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған нысанда құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде және қазіргі уақытта аяқталу кезеңіне жақындаған. Мәдениет үйі заманауи талаптарға сай жобаланып, көрермен залы, сахна, қызметтік және қосалқы бөлмелермен қатар қажетті инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылуда.

Нысанды аралау барысында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, «AMANAT» партиясының Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаты Бекзат Хабибов бірге болып, құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасына қатысты тиісті ақпарат берді.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаты Қарнақ ауылында орналасқан Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты “Шаммат ишан музейінің” күрделі жөндеуден өткен ғимаратымен танысты. Аталған музей өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және оны кеңінен насихаттау бағытында маңызды рөл атқарады.

Мәжіліс депутаты өңірдегі әлеуметтік-мәдени нысандарды дамыту, олардың сапалы әрі уақытылы пайдалануға берілуінің маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарға тұрақты бақылау жүргізілетінін жеткізді.