ҚАЛАДА ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚАЛАДА ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Кентау қаласында қоғамдық орындарда газ қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімі мен қалалық полиция бөлім қызметкерлері тұрғындарға газ жабдықтарын дұрыс пайдалану, қауіпсіздік ережелерін сақтау, газ иісі сезілген жағдайда жедел әрекет ету тәртібі жөнінде кеңестер берді. Сондай-ақ, газ қондырғыларын уақытылы тексеріп отырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Газ қауіпсіздігі талаптарын сақтау, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.