
Бүгін Кентау қаласында «Жаңа жыл – Jana life» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада қала әкімі Жандос Тасов және қалалық маслихат төрағасы Қаблан Елеусізов құттықтау сөз сөйлеп, қала тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Өз сөзінде қала басшысы Жаңа жылды өткен кезеңге қорытынды жасап, алдағы мақсаттарды айқындайтын, жақсылық пен жаңашылдыққа жетелейтін айрықша мереке екенін атап өтті. Сондай-ақ 2025 жылдың қаламыз үшін маңызды әрі жарқын оқиғаларға толы болғанын, қоғамдық тұрақтылық пен халықтар арасындағы достық барлық жетістіктердің берік негізі екенін тілге тиек етті.
Қала әкімі жаңа жыл әрбір тұрғынның еңбегіне береке әкеліп, әр шаңыраққа қуаныш пен молшылық сыйлауын, көптен күткен армандардың орындалуын тіледі.
Бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыс етіп, жыл басынан өз саласында ерекше көзге түскен мамандарды жыл үздігімен марапаттады.
Мерекелік кеш барысында Аяз ата мен Ақша қар көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ізгі тілектерін жолдады. Қала өнерпаздарының әсем әндері мен әсерлі өнер көрсетілімдері мерекенің сәнін арттырды.
Мерекелік думанды кеш әсерлі отшашумен қорытындыланды.