ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғындары қала әкімінің жеке қабылдауында болып, электр энергиясымен қамту мәселесін көтерген болатын.

Қала әкімінің берген тапсырмасына сәйкес, «Дүйім-Тума» учаскесінде ПС «Атабай» 35/10 кВ қосалқы станциясынан шығатын қолданыстағы Л-1 әуе желісіне қосу арқылы қуаттылығы 100 кВА болатын трансформатор іске қосылды. Нәтижесінде аталған аумақта орналасқан 8 тұрғын үй электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, алдағы уақытта бұл аумаққа қоныстанатын тұрғындардың да осы трансформатор арқылы электр желісіне қосылуына мүмкіндік бар.

Қала әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков ауыл тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстардың барысын бақылады. Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тиісті жауаптар берілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұрғындардың электрмен жабдықтауға қатысты өтініштері толық көлемде қанағаттандырылып, қазіргі таңда аталған аумақ тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етілді.