
Түркістанда дәстүрлі «Жыл үздіктері – 2025» салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл күні жыл қорытындыланып, түрлі салада жетістікке жеткен азаматтарға, адал еңбегімен дараланған еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.
Салтанатты жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің дамуында әрбір тұрғынның үлесі маңызды екенін атап өтіп, облыстың жетістіктеріне тоқталды. Көпшілікті келе жатқан 2026 жылмен құттықтап, жыл үздіктеріне мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыстады.
«Үлгілі ауыл» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталып, Кентау қаласы, Байылдыр ауылы бас жүлде иегері атанды.
Сонымен қатар, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында іс-шарада қоғамның түрлі саласында еңбек етіп келе жатқан еңбеккерлердің бірқатарына мемлекеттік наградалар табысталды. Елдің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Кентау трансформатор зауыты» АҚ операторы Сәбит Абубакиров марапатталды.