ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ҰЛАСБЕК СӘДІБЕКОВ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ҰЛАСБЕК СӘДІБЕКОВ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Кентау қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында депутат Қарнақ ауылында салынып жатқан жаңа мәдениет үйінің құрылысымен танысты.

Ауыл тұрғындарына мәдени-рухани қызмет көрсететін нысанның құрылысы аяқталу сатысына жақындаған. 300 орынға лайықталған мәдениет үйі заманауи талаптарға сай жобаланып, барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтылуда. Аталған нысан ауылдың мәдени өмірін жандандырып, тұрғындар үшін маңызды әлеуметтік орталыққа айналмақ.

Сонымен қатар, Ұласбек Сәдібеков жергілікті қариялармен және қалалық маслихат депутаттармен кездесу өткізіп, Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен ақпарат берді. Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелері тыңдалып, оларды шешу жолдары талқыланды. Депутат көтерілген мәселелерді депутаттық сауалдар арқылы тиісті мемлекеттік органдарға жолдап, оң шешімін табуына ықпал ететінін атап өтті.