
Кентау қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы қатысып, аналарға мемлекет тарапынан берілетін «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті.
Шара барысында елдің демографиялық дамуына және ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген кентаулық 10 ана «Алтын алқа», ал 23 ана «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды. Сонымен қатар, аналарға куәліктер табысталып, құрмет көрсетілді
Айта кетейік, бүгінде Кентау қаласында 4547 көпбалалы ана, 22 батыр ана, 508 «Алтын алқа» иегері, 1130 «Күміс алқа» иегері және 41 ана І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған.