
Қала әкімі Жандос Тасовтың жеке қабылдауында көтерілген тұрғындардың өтініш-тілектері мен ұсыныстары тұрақты бақылауда. Қаланың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Осыған орай, жол салуды қажет ететін Ақбикеш көшесінің тұрғындары тарапынан жол мәселесіне қатысты ұсыныстар түсіп, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес демеушілер есебінен көшеге тас төсеу жұмыстары басталды.
Қала әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков атқарылып жатқан жұмыстардың барысын барып бақылап, сапалы орындалуын тапсырды.
Сонымен қатар, қала аумағындағы аялдама қажеттілігі бар аймақтар зерделеніп, қажетті құжаттар мен техникалық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.