КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 35-ШІ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 35-ШІ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың қатысуымен қалалық мәслихатының кезектен тыс 35-ші сессиясы өткізілді. Сессияны маслихат төрағасы Қаблан Елеусізов ашып, жүргізді. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауыл әкімдер мен жауапты мамандар қатысты.

Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №161
«2025–2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу;
2. №162 шешімге өзгерістер енгізу
«Ащысай ауылының 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы»;
3. №163 шешімге өзгерістер енгізу
«Байылдыр ауылының 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы»;
4. №164 шешімге өзгерістер енгізу
«Хантағы ауылының 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы»;
5. №165 шешімге өзгерістер енгізу
«Қарнақ ауылының 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы»;
6. Кентау қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу мәселесі.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия барысында бюджеттердің орындалуы, қажетті түзетулерді енгізу, ауылдың әлеуметтік-экономикалық бағыттарын тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мәселелері назарға алынды.