КЕНТАУЛЫҚ ЕРКІН КҮРЕС ШЕБЕРІ АДИ СЕРІКҰЛЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

КЕНТАУЛЫҚ ЕРКІН КҮРЕС ШЕБЕРІ АДИ СЕРІКҰЛЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Алматы қаласында өткен ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті.

Еліміздің 20 аймағынан жиналған үздік балуандар боз кілемде бақ сынасып, шын мықтылар анықталды.
Осы дүбірлі додада Түркістан облысының намысын абыроймен қорғаған Ади Серікұлы еркін күрестен 65 келі салмақта қарсыластарын бірінен соң бірін еңсеріп, Қазақстан чемпионы атанды. ⠀

Жетістікке жету жолында спортшыны жан-жақты дайындап, тактикалық және техникалық тұрғыдан шыңдаған бапкерлері — Нұрдәулет Жусипалиев пен Қанат Тұрғараевтың еңбегі зор.

Чемпион атанған Ади Серікұлы Кентау қаласындағы №1 Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен шыңдалып, үлкен жарыстарға қадам басуда.