КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының тапсырмасымен дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығында «Достық үйінде» «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы-2025» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруға елеулі үлес қосқан тұлғалардың еңбегін бағалау. Марапат иелері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігіне, қоғамда дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға, сондай-ақ діни тұрақтылықты нығайтуға өздерінің кәсіби үлесін қосты.

Шара барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Алтаев Ертай Кенжебекұлы құттықтау сөз сөйлеп, дін саласындағы маңызды жұмыстарға тоқталды.

Шара аясында дін саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асырып, белсенді жұмыс атқарған қала және аудан әкімдіктері марапатталды. Жыл бойы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі, сапалы және нәтижелі түрде атқарған өңір әкімдіктері арнайы марапаттарға ие болды.

Соның ішінде: «Үздік дін маманы» номинациясымен Кентау қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж.Аринова және «Үздік руханият орталығы» номинациясымен Кентау қалалық Руханият орталығы марапатталды.
Әр номинация жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.