ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ БАҚЫЛАНДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ БАҚЫЛАНДЫ

Қала әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков жұмыс барысында қаланы аралап, қоғамдық көлік бағыттарының жұмысы мен тасымалдау қызметінің жай-күйін бақылады.

Аралау барысында тұрғындар тарапынан көтерілген, әсіресе көлік қозғалысына қатысты жол мәселелері назарға алынды.

Болысбек Әбдібекұлы тиісті бөлім басшыларына анықталған кемшіліктерді жою, қоғамдық көліктердің бағытындағы жұмыстарды реттеу және тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай қалыптастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.