
Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы қалалық білім беру мекемелеріне барды. Мектептер мен бала-бақшалардағы қысқы маусымға дайындығын бақылау мақсатында аралап, жылыту жүйесінің сапасын, ішкі температуралық жағдайды және қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылады.
Аралау барысында “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында білім нысандарындағы тазалық пен санитарлық тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, 2026 жылы жөндеу жұмыстары жоспарланған мектептердің қазіргі жағдайымен танысып, атқарылатын жұмыстардың көлемін талқылады.
Қала бойынша барлығы 23 мектеп бар, оның 14-і көгілдір отынға қосылған, 2 мектеп орталық жылу жүйесіне, ал 9 мектеп автономды жылыту жүйесімен жұмыс істейді.