
🔹ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
___________________________________________
«Қызмет алушылар күні» өтетінін хабарлаймыз!
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Түркістан облысы бойынша департаменті мен Агенттіктің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша, атаулы әлеуметтік көмек алу тәртібі және т.б. тақырыптарда «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.
Іс-шара 2025 жылы 4 желтоқсан күні сағат 11:00 де «Кентау қаласы, Яссауи көшесі №85 мекен-жайында орналасқан “Халықтық кеңсе” ғимаратында өтеді.
✔Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі