ҚАЛАДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АУМАҒЫНДА ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН НЫСАНДАРҒА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ҚАЛАДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АУМАҒЫНДА ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН НЫСАНДАРҒА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Кентау қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесі 68 көпқабатты тұрғын үй маңында орналасқан дүкеннен өрт шығып, жақын тұрған тұрғын үйге залал келтіргені туралы ақпарат тараған болатын. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қала әкімі Жандос Тасов нысан басына барып, жауапты мамандармен бірге жағдайды тексерді.

Бақылау барысында бірқатар заңсыздықтар анықталды. Қала әкімі тиісті салаларға анықталған кемшіліктерді толық зерделеп, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және шара қолдануды тапсырды.

Сонымен қатар, қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жанында орналасқан барлық кәсіпкерлік нысандар мен ғимараттарға кешенді зерделеу жұмыстарын жүргізіп, олардың заңдылық деңгейін анықтау туралы тапсырма берді.