
Кентау қаласының тұрғыны, көпбалалы әке – Үтепбаев Жанболат мемлекеттік қайтарымсыз грант бағдарламасы аясында өз жобасын сәтті қорғап, табысты кәсіпкер атанды.
Жанболат «Жиһаз өндірісі» жобасын комиссия алдында таныстырып, кәсібінің болашағын жан-жақты дәлелдеді. Оның жобасы оң бағаланып, грант иегері атанды. Алынған қаражатқа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, көп жылғы тәжірибесін кәсіби деңгейде іске асыра бастады.
“Жиһаз жасау саласында жүргеніме 15 жылдан асты. Әр бұйым, шеберлік пен жауапкершілікті талап етеді. Грант маған жаңа мүмкіндік берді. Енді кәсібімді кеңейтіп, халыққа сапалы өнім ұсынуды жалғастырып келемін”, – дейді кәсіпкер.
Бүгінде Жанболат өз ісін дөңгелетіп, тұрғындарға сапалы әрі заманауи жиһаз түрлерін ұсынып қана қоймай, еңбекқорлығы және табандылығымен көпшілікке үлгі болып жүр. Оның кәсібі – отбасына тұрақты табыс көзі, қала экономикасына қосылған үлес.