ҚАЛА ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚАЛА ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен қала прокуратурасы, “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ауыл әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ қала кәсіпкерлерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті.

Жиын барысында қала әкімі Жандос Тасов кәсіпкерлер тарапынан бұрыннан көтеріліп жүрген өзекті мәселелерді тыңдап, олардың шешу жолдарын жан-жақты талқылады. Кәсіпкерлер тарапынан инфрақұрылым жеткізу, жер телімдерін рәсімдеу, рұқсат құжаттары мен бақылау процестері, шағын кәсіпкерлікті ұлғайту, мемлекет тарапынан берілетін төмен пайызды несиелерге қол жеткізу бойынша ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар прокуратура және “Атамекен” палатасы өкілдері бизнестің құқықтық қорғалуы, заң талаптарының дұрыс сақталуы, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жауапты тұлғаларға мерзімдерімен міндет жүктелді. Қала басшысы кәсіпкерлермен кездесу әрі қарай да жалғасатынын, әр ұсыныс назардан тыс қалмайтынын атап өтті.