ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін «AMANAT» партиясының Кентау қалалық филиалында қала әкімі Жандос Тасов тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға шамамен 15 тұрғын қатысып, өз мәселелерін жеткізді.


Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жұмыспен қамту, сондай-ақ аулаларға ойын алаңшалары орнату және тұрғын үй құрылысы сияқты өзекті мәселелерді көтерді.


Жандос Қалмырзаұлы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Қала әкімі тұрғындардың барлық өтініш-тілектері назардан тыс қалмай, заң аясында қаралатынын атап өтті.