
Ұлттық мереке – Республика күніне орай Кентау қаласындағы Көктөбе биігінде салтанатты шара ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушылар Туды көтеріп, Мемлекеттік Әнұранды бірге орындап, мерекенің рухын асқақтатты.
Мерекелік жиынға қаланың белсенді жастары, жас спортшылар мен тұрғындар қатысты.
Домбыра үнімен шырқалған ән мен жүрекжарды тілектер мерекенің мәнін тереңдетіп, елдік рухты көтере түсті.
Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің нышаны, әр қазақстандықтың жүрегіне қуаныш пен мақтаныш сыйлайтын мереке.
#кентау #RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл #МеніңҚазақстаным