
Кентау қаласында 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Шара барысында қаланың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар “Қаланың 70 жылдығы” және «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.
Қала әкімі Жандос Тасов көпшілікті мерекемен құттықтап, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген тұрғындарға алғысын білдірді.
“Бүгінгі таңда мемлекетіміздің басты құндылығы – егемендік пен ел бірлігі. Әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігі мен белсенділігі – мемлекеттілігіміздің тұғыры”, – деді қала әкімі.
Салтанатты кеште қала өнерпаздары өз өнерін көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Бүгінде Республика күні ел бірлігі мен тәуелсіздіктің нышаны ретінде жалпы халықтық мерекеге айналып келеді.
#кентау #RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл #МеніңҚазақстаным