Меню
Страницы
Деятельность
Аппарат акима
Документы
Пресс-центр
Контакты
gov@nitec.kz

Техникалық шарттарды беруді автоматтандыру

Техникалық шарттарды беруді автоматтандыру

 

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың және Мемлекет басшысы                              Қ. К. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау шеңберінде, сондай-ақ 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Түркістан облысының әкімдігімен инженерлік желілерге қол жеткізу үшін техникалық шарттарды ұсыну және алу процесін автоматтандыру бойынша портал іске қосылды http://tu.iturkistan.kz/.

Автоматтандырылған жүйе табиғи монополия субъектісінің кеңсесінің жұмысын оның ішінде техникалық шарттарды беруге өтінішті қабылдауды, бизнес-процесс бойынша өтініштің өңделу процессін (мекеме қызметкерлері арасына өтінішке сәйкес құжат айналымын) толық автоматтандыру арқылы өтініштің қаралу уақытын жеделдетеді.

Осы портал арқылы облыс тұрғындары ауыз су, жарық, жылудың инженерлік желілеріне қосылу үшін онлайн түрде өтініш беріп, нәтижесі бойынша техникалық шарттарды алуына болады.

Ол үшін, қызмет алушы tu.iturkistan.kz электрондық мекен жайына кіріп, «қызметтер» бөлімін таңдап, порталды пайдаланушы ретінде авторизация жасау қажет. Әрі қарай, өзіне қажетті қызметті таңдап онлайн өтініш беру платформасына өтіп, тиісті жолақтарды толтырып, өтінішін жолдайды.

Өтінішке сәйкес, қызмет көрсетудің нәтижесі қызмет алушының порталдағы жеке почтасына жолданады.  

Жүйе қызмет алушыларға үйден шықпай қызмет алуына жағдай жасаумен қатар, өтініш беруші тұлғаларға өзінің өтінішінің ағымдағы қаралу статусына онлайн режимде бақылау арқылы, қызмет көрсету процессінің ашықтығына қол жеткізе алады.

         Осылайша аталған жоба кәсіпкерлік субъектілерін қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалар үшін қызмет алудың ыңғайлы және жылдам тәсілін ұсына отырып, «тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» тәуекелдерін және әкімшілік кедергілерді жою арқылы бизнесті жүргізу мен дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

 

Дата публикации
14 октября 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
facebook
instagramm
youtube
Меню подвал
Сайт Президента РК
Цели устойчивого развития
Открытое Правительство
Законодательство
Государственные символы РК
Послания Президента РК
Сайт Парламента РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Премьер-Министра РК
Структура Правительства РК