
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға қалалық дербес бөлімдердің, құқық қорғау органдарының басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Күн тәртібінде денсаулық сақтау, жер қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
Бұл бағытта Кентау қалалық емханасы мен аурухана басшыларының орынбасарлары, жер қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің басшылары баяндама жасады.
Комиссия мүшелері баяндамашыларға сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.Жиынды қорытындылаған қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруды, тәуекелдерді жоюға бағытталған нақты шаралар қабылдауды және барлық салада ашықтық пен заң талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.