
Кентау қалалық сотына жаңа төраға тағайындалды. Тағайындау рәсіміне Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов қатысып, қала активімен таныстырды.
Кентау қалалық сотының төрайымы болып Айнұр Сағындықова тағайындалды.
Іс-шараға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов және ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Жаңа төрайым сот қызметінде ашықтық пен тиімділікті арттыруды, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды басты мақсат ретінде айқындады.