КЕНТАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИКТАНТ ӨТТІ

КЕНТАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИКТАНТ ӨТТІ

Кентау қаласында Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі мен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен «Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант» өткізілді.

Аталған іс-шара аясында қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлеповтің төрағалығымен жиналыс өткізіліп, диктанттың мақсаты мен ұйымдастыру тәртібі түсіндірілді. Іс-шара барысында қатысушыларға халықтың қаржылық сауаттылығы мен мәдениетін арттыруға бағытталған қаржы пирамидалары мен алаяқтардың тұзағына түспеу жолдары және азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғау және құқықтық-қаржылық мәдениетті қалыптастыру түсіндірілді. Диктантқа мектеп оқушылары мен колледж студенттері, педагогтар, мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлері, қаржы саласының мамандары, сондай-ақ қаржылық сауаттылығын арттырғысы келетін кез келген азамат қатыса алады. Айта кетейік, қатысушылар онлайн платформада тіркеліп, 25 минут ішінде 20 сұраққа жауап береді. 16 және одан көп дұрыс жауап берген азаматтар цифрлық дипломмен марапатталса, қалғандары арнайы сертификатқа ие болады.

Диктанттың басты мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтық пен цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне назар аудару, сондай-ақ қаржылық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.